Бүгін Түркістан қалалық сотының төрағасы тағайындалды. Әділбек Лебаевты ресми жиында шаһар басшысы Әзімбек Пазылбекұлы таныстырып, жаңа қызметімен құттықтады. Айта кетейік, Әділбек Ғұламұлы 1965 жылы Қазығұрт ауданында дүниеге келген. Сот саласындағы еңбек өтілі 27 жыл. Ол еңбек жолын Қазығұрт ауданы сотының қызметкері ретінде бастаған.