Маңғыстау облысында ер адам букмекерлік кеңсені өртеп жіберді. Азаматтың мұндай қылмысқа баруына 20 жылда құмар ойындарына 200 миллион теңге тігіп, тақырға отыруы себеп болған. 36 жастағы ер адам өз іс-әрекетін видеоға түсірген. Бейнежазбада бейнеулік тұрғын бұл қылмысқа бармасқа амалы қалмағанын және жауапкершіліктен қашпайтынын айтқан.