99 мектептің білім беру қызметі біліктілік талаптарына сай болмай шыққан

94
14.02.2025 22:11

Түркістан облысында былтыр 99 мектептің білім беру қызметі біліктілік талаптарына сай болмай шыққан. Нәтижесінде, бұл мектептердің барлығына заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беріліп, 89 мектептің лицензиясы уақытша тоқтатылыпты. Бұл туралы баспасөз мәслихатында облыстық білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы мәлім етті. Сондай-ақ, өңірде мемлекеттік аттестаттаудан өткендердің үлесі төмен. Жыл бойы 498 білім беру ұйымында мемлекеттік аттестаттау жүргізілгенімен, олардың 83,8%-ы тиісті талаптарға сәйкес келмепті. Ал қайта аттестаттаудан 34 білім беру ұйымы өте алмай, кейбірі толық жабылған.