Соңғы бір жылда еліміздегі 55 жылу көзі жаңғыртылды. Үкімет осы бағытта энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыруда. Бұл туралы Премьер-министрдің Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында айтылды. Олжас Бектенов өңірдің коммуналдық-энергетикалық инфрақұрылымының жай-күйімен танысты. Петропавл 2-ші жылу электр орталығын жөндеу жұмысы айтарлықтай алға жылжыған. Былтыр қазандықтары мен турбиналарына күрделі жөндеу жүргізілді. Көмір мен мазут жеткілікті. Қазір қорда 183 мың тонна көмір, 1833 тонна мазут бар. Энергетика министрлігі биыл нысанды қауіптің «қызыл» аймағынан «сары» аймағына шығаруды жоспарлап отыр.