Шарадаралықтар үшін ақжолтай жаңалық. Ауданда 1200 балаға шақталған су жаңа жайлы мектеп бой көтерді. Ал оқушыларға сапалы білім беру үшін 150 маман жұмыс істейді.Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың аймаққа жасаған сапарында белгілі болды. Нысанның жалпы аумағы 4,2 гектар. Онда кітапхана, спорт залынан бөлек компьютер сыныбы мен акт залы да жұмыс істейді. Оқу кабинетінің барлығы заманауи техникамен жабдықталған.