Астанадағы ескі вокзал маңында үлкен жарылыс болды. Апатты жағдай 14 ақпан сағат 00:30 шамасында Астана станциясының сұрыптау жолындағы жүк контейнерінде орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша контейнерде электр жабдықтары тасымалданған. Құрбан болғандар жоқ. Деседе бір адамның қолы аздап кесілген. Жедел медициналық жәрдем бригадасы оқиға орнында көмек көрсетті. Айта кетейік, Контейнер жеке компанияға тиесілі. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары нақтылануда