Мемлекет басшысы 2024 жылы коммуналдық ресурстарды үнемдеу мақсатында "көп тұтынсаң — көп төлейсің" деген жолдау жариялаған еді. Жолдау халықтың шығындары мен бюджетін реттеуге, энергияны үнемді пайдалануға шақырады. Бүгінгі таңда, Түркістан облысында тұрғындарға су беру және жылумен қамту саласында біраз жұмыстар жүргізілді. Су беру қызметі саласы бойынша 5 табиғи монополия субектісіне және 3 жылу беру мекемелеріне тиісті әлеуметтік нормалар енгізілді. Енді тұрғындар қаншалықты көп тұтынса, соншалықты көп төлейді. Түскен пайда, желілерді жаңартуға және ауыстыруға жұмсалмақ.