Түркістан облысында сапалы білім беру мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Сенатор Алишер Сатвалдиев өңірдегі апатты жағдайдағы мектептерді. Үкімет назарына ұсынды. Мысалға Сайрам ауданындағы Бөкейхан атындағы мектепті келтірді. 310 орынға есептелген оқу ордасында бүгінде одан үш есе көп, 972 бала білім алып жатса керек. Ал Қарабұлақ ауылындағы №41 Жамбыл атындағы 600 орындық мектепте 1428 оқушы білім алып жатыр. Ол аз десеңіз, оқу ғимараты апатты жағдайда тұр. Осының бәрін айта келе, сенатор өңірге 12 мектеп салу керектігін айтты. Ол үшін 9,3 миллиард теңге қажет екен. Бұл қаражат небәрі бір-екі «Жайлы мектептің» құнына тең. Әлішер Сатвалдиев Үкіметті осы мәселені шешуге ерекше назар аударуға шақырды.