Түркістан облысының Келес ауданында мал шаруашылығы өркендеп келеді. Оның ішінде Ойсыл қара төлін өсіріп, ұлттық сусын әзірлеп жатқандар бар. Негізінен диқаншылықты кәсіп еткен ауданда түйе шаруашылығы жаңа бір бағыт болғанына қарамастан, аудан тұрғындары бұл саланы кеңейтіп, келешекте оның әлеуетін арттыруды көздеп отыр.