Түркістан
EN

Түркістан облысында энергия тапшылығы сезіледі

55
13.02.2025

Түркістан облысында электр тапшылығы айтарлықтай сезіледі. Мәселені шешу үшін өңірде бірнеше электр орталығы салынбақ. Мәселен Сайрамда мың мегаватт бу-газ, Түлкібаста 320, Кентауда 240 мегаватт газ турбина станциялары бой көтереді. Бұл туралы энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевтің Түркістан облысына жұмыс сапарында белгілі болды. Сондай-ақ Сауран, Сайрам, Бәйдібек аудандарында да жел станцияларының құрылысы жүреді.