Түркістан
EN

Киікотының қасиеті. Диханкөл қымызының құпиясы неде?

192
12.02.2025

Бал татитын саумал, киікоты қосылған ұлттық сусын. Оңтүстікте қымыз десе, бірінші "Диханкөлдің қымызы" ойға оралады. Онда дайындалатын сусын еліміздің тұрғындарынан бөлек, шетелдіктерге де танылып үлгерген. Брендтке айналған Диханкөл қымызының құпиясы неде? Біздің тілшіміз көз тоймас табиғатымен кез келген жанды баурайтын, көрікті мекенге арнайы барып, ұлттық сусынның дәмін татып келді.