Егістік жерімізді заңсыз тартып алды. Халқының басым бөлігі диқаншылықпен күн көріп отырған Түркістан облысы Жетісай ауданының тұрғындары арнамызға осылай деп шағымданды. Олардың сөзіне сенсек бейтаныс адам 17 шаруаның 12 гектар жерін иемденіп алған. Тіптен, тер төгіп еккен мақталығын да өздеріне меншіктеп қойыпты.