Ақпан айының басында күштік құрылымдар арасында Дубайда Халықаралық турнир өткен болатын. Сайыста еліміздің намысын қорғаған «ТОМИРИС» қыздар арнайы жасағы бұрымдылар арасында жүлделі екінші орынды иеленді. Жасақ сапында Түркістандық Айнұр Ақжігітова да өнер көрсеткен. Халықаралық жарыста топ жарған аруымызды әуежайдан күштік құрылым басшылары мен туған-туыстары сән-салтанатпен қарсы алды.