Түркістан
EN

Шымкентте экс-судья 7,5 жылға сотталды

151
12.02.2025

Шымкентте экс-судья сотталды. Ол алаяқтық жасап, пара алды деп айыпталып отыр. Сот оған 7жыл 6ай жаза тағайындады. Іске араласқан адвокат пен жәбірленушінің танысы да бас бостандығынан айрылды. Жәбірленушінің күйеуіне жеңіл жаза тағайындауға көмектесемін деген танысы одан 247 мың АҚШ долларын алып, судьяға 60 мың доллар пара берген. Қалғанын адвокат екеуі өз пайдаларына жаратқан. Өз кінәсін мойындаған жәбірленушінің танысына сот 5 жыл жаза тағайындады. Ал адвокат 7 жыл мерзімге қорғаушылық құқығынан айырылып, 6 жыл 8 ай мерзімге сотталды. Айта кетейік, үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.