Түркістан облысында 125 инвестициялық жоба негізінде 2 мыңнан астам жұмыс орындары ашылмақ. Олардың тең жартысы – жұмысшы мамандар. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте Президент тапсырмасын жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды. Өңір басшысы барлық жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.