Сенімгерлік басқаруға берілген «Қыран» футбол клубының 44 жұмыскері 101 млн. теңге көлеміндегі жалақысын ала алмай отыр. Бұл туралы Еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Әліш Амангелді баяндады. Сондай-ақ, былтыр еңбек қатынастары бойынша 1500-ге жуық арыз-шағым түскен. Басым көпшілігі еңбек демалысы, жалақы қарызы және еңбек шарттарының бұзылуына байланысты мәселелер. Айта кетейік, 2024 жылы 45 өндірістік жазатайым оқиға орын алып, 55 адам зардап шеккен. Оның ішінде 8 адам қайтыс болған. Бүгінгі таңда бұл мәселеге қатысты заңды шаралар қабылданған.