Астанада лифтіде тұрған 5 жасар балаға шабуылдап, бетін тілгілеп тастаған жасөспірім ұсталды. Күдікті психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталып отыр. Оқиғаның видеосы адамшошырлық болғандықтан оны арнамыздан көрсете алмаймыз. Дегенмен сол жасөспірімнің тағы бір қыз баланы пышақтамақ болғаны туралы бейнежазба жарияланды. Кадрда күдікті лифтімен төмен түспек болған оқушыға кедергі жасап, артынша ас үй пышағын аяқ киімінің арасынан шығарғанын көруге болады. Бірақ қуанышқа орай, диспансерде есепте тұрған бала өз еркімен кетіп қалып, кішкентай қыз аман-есен құтылып кеткен. Қазір осы оқиғаларға байланысты қатысты қылмыстық іс қозғалды.