«Поэзия!Менімен егіз бе едің?». Биыл, осылай жырлаған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына – 94 жыл. Осыған орай, облыстық «Фараб» кітапханасында «Мұқағалимен сырлас» атты поэзия кеші өтті. Мұнда ақынның өмірі мен шығармашылығын дәріптейтін өлең жырлар оқылып, көріністер қойылды. Айта кетейік, мұзбалақ ақынға арналған бұл кеш «Түнгі кітапхана» жобасы аясында ұйымдастырылған.