Үкімет қосымша құн салығының мөлшерлемесін саралап енгізуді ұсынды. Оның ішінде кей салаға 16%, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді мұндай салықтан толық босату, ал кейбіріне – 10% деңгейінде аралық мөлшерлеме қарастырылған. Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмриннің айтуынша, Қазақстан әлемдегі дәл осы салық мөлшерлемесі ең төмен елдер қатарында. Оның көтерілуі бірнеше ірі жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді. Жыл сайын бюджетке қосымша 4-5 трлн теңге түседі деген болжам бар. Бұл қаражат агроөнеркәсіп кешені, инфрақұрылым, өңдеу өнеркәсібі мен қорғаныс салаларын нығайтуға бағытталмақ.