Түркістан
EN

Қаладағы ойын алаңшаларының сапасы сын көтермейді

467
04.02.2022

Түркістанда 2 жыл бұрын салынған балалар алаңшасы қирап жатыр. Ол аздай кәріз желісі, аяқжолдар құрылысы аяқсыз қалған.  Соның зардабын енді тұрғындар тартып отыр. Айта кетейік, Түркістанды көркейту үшін қала 9 секторға бөлінген. Әр секторға аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшылары тікелей жауапты боп бекітілген. Олар белгіленген өз  аумақтарына ағаш отырғызып, көшелерде жарық шамдар, қоқыс жәшіктері мен тұрғындардың демалуына арналған орындықтар орнатуы тиіс еді.