Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 200-ге жуық ауылда тазалық жүргізілмек. Жоспарға сәйкес өңір басшылығы 40-қа жуық елдімекенде апта сайын сенбілік өткізуді мақсат етіп отыр. Аймақ бойынша «Үлгілі ауыл», «Жомарт түлек» сынды байқаулар болады. Бағдарлама аясында 210 мыңнан астам кәсіпкерлік нысанның, соның ішінде 4 мыңға жуық орта кәсіпорынның аумақтарын ретке келтіру жұмыстары ұйымдастырылады. Облыс әкімі жауапты тұлғаларға елді мекендерде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметін жүйелендіру, қоқысты алып кету жиілігі мен қызмет көрсету сапасын бақылауда ұстауды тапсырды.