Түркістан облысында туризм саласында маңызды жұмыстар атқарылуда. Жыл санап облысқа келетін туристер саны артып келеді.Орналастыру орындарында былтыр 9 ай ішінде 235 мың адамға қызмет көрсетілген. Бір күнде келушілер саны 900 мың болса, туризм бойынша 5,3 млрд теңге қызметі көрсетілген. Биыл 27 инвестициялық жоба, мыңнан аса жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Жалпы,26,3 млрд теңге инвестиция тартылады деп жоспарланған.