Еліміздегі мұнай-газ саласындағы отандық өнім үлесі 60%-дан аспақ. Ол үшін мұнай-газ секторында жергілікті өндірушілерді қолдау күшеймек. Бұл туралы Мәжілісте Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршиннің жетекшілігімен комитет отырысында айтылды. 2024 жылы «Қарашығанақ» жобасында отандық өнімдерді пайдалану үлесі 18%-ға жетті, ал жалпы сатып алудың 64,9%-ын жергілікті өнімдер құрады. Алдағы жылдары бұл көрсеткішті ұлғайту көзделіп отыр. Ол үшін жаңа тендерлік жүйелер енгізіліп, жергілікті өндірушілердің бірыңғай тізілімі жасақталуда. Осылайша Қазақстанда мұнай-газға қажетті өнімдер өндірісі ұлғайып, жаңа кәсіпорындар ашуға мүмкіндік артады.