Түркістан
EN

Түркістан облысы ірі қара санынан республикада көш бастап тұр

40
07.02.2025

Түркістан облысы ірі қара мен қой санынан республикада көш бастап тұр. Биыл өңірдегі қой саны 4 млн 318 мың басқа жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5 пайызға артық. Ал ірі қара мал басы 12,4 пайызды құрайды. Шаруашылық санаттары бойынша мал басының тең жартысы шаруа немесе фермер қожалықтарында шоғырланған. Өңірдегі қойдың басым бөлігі Бәйдібек, Сарыағаш аудандарына және Арыс қаласына тиесілі. Сондай, ақ Түркістан облысы ет өндірісі бойынша Республикада 2-ші орында.