Үкімет қайтарылған активтер есебінен Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Көксай ауылында жаңа мектеп салу үшін 1,4 млрд теңге қаржы бөлді. Қазіргі таңда елді мекенде жалғыз мектеп бар. Онда екі ауысымда 53 бала білім алады. Білім ордасында бүгінге дейін спорт және акт залы, асхана мен пәндік кабинет болмаған. Қазір ауылда 7 жасқа дейінгі 28 бала тұрады.