Ақсу Жабағылы музейі туралы естуіңіз бар ма? 1990жылы құрылған бұл жәдігерлер үйінде Қызыл кітапқа енген флора мен фаунаның дәлме дәл макеттері бар. Аталған мұражай Ақсу Жабағылы қорығы аумағында ашылған. Музейдің мақсаты – қорықтың бай табиғи дүниесін, жергілікті халықтың тарихы мен дәстүрлерін таныстыру. Және мұнда қар барысы, Тянь-Шань арқары және қоңыр аю туралы ақпараттар мен олардың экологиялық маңыздылығы туралы арнайы бөлімдер бар.