Түркістан
EN

Траншея қазғандар жерінен айрылады

89
06.02.2025

Қазылған траншеялар дер кезінде қалпына келтірілмесе жеріңізді мемлекетке қайтарып беруге дайын болыңыз. Бұл туралы бүгін баспасөз жиынында Түркістан облысы жер ресурстарын басқару департаментінің өкілдері мәлімдеді. Олардың айтуынша былтыр егін алқабын қорғаймын деп ор қазып, табиғатқа залал келтіргендердің саны 17-ге жеткен. Заң бұзған азаматтарға жалпы құны 1 миллион  600 мың теңгеден астам айыппұл салынған. Қазір 17 траншеяның 10-ы қалпына келтіріліп, 3 ай ішінде оны көмбегендердің ісі сотқа жолданыпты.