Түркістан
EN

Биыл Үкімет шегірткемен күреске 7 млрд теңге бөлді

95
06.02.2025

Қазақстан Үкіметі шегірткеге қарсы күреске 7 миллиард теңге бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Сенаттың жалпы отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Айтуынша, шегірткеге қарсы күреске арналған қаражат дайын тұр. Сондай-ақ биыл зиянкестердің таралу аумағы кішірейген. Керісінше, тәжірибе ұлғайған. Министр мәселе биыл шешіледі деп отыр.