Түркістан
EN

«Көктем-2025» оқу-жаттығу жұмыстары өтті

127
06.02.2025

Түркістанда бүгін жергілікті уақыт бойынша 11:00-де дабыл қағылды. Бұл «КӨКТЕМ-2025» оқу-жаттығу жиынын өткізуге дайындық болатын. Аталған шараны Түркістан қаласының төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырды. Аталған департаменттің дағдарыс орталығында басқару облыстық штабы құрылды. Оған Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысты. Оқу-жаттығу жиынында су басуы мүмкін аймақтардан тұрғындарды эвакуациялау және облыстың төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл жоспарлары нақтыланды.