Бүгін - Дүниежүзілік сайлау күні. Айтулы мерекеге орай Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде билік өкілдері мен қала жастары кездесуті. Шараның басты мақсаты – еліміздің сайлау жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері туралы жұртшылықты ақпараттандыру. Сондай-ақ сайлаушылардың электоралдық белсенділігін арттырып, олардың арасында демократиялық құндылықтарға деген ұстанымын қалыптастыру. Айта кетейік, Түркістан облысында 2 млн 163 мың тұрғын болса, оның 1 млн 192 мыңға жуығы сайлаушылар екен. Осы ретте сайлауға қатысу және ондағы сайлаушының құқықтары туралы студенттерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.