Cуррогатты алкоголь деген тажал шықты. Ақмола мен Қостанайда 15 адам осы «уды» ішіп, мерт болған. Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев осылай деп дабыл қақты. Ол қолдан жасалған алкогольді сатуға тыйым салуды ұсынды. Сөзінше, қылмыстық жолмен ішімдік дайындағандар техникалық спиртке метанол қосады. Салдарынын оны тұтынатын адамдар соқыр болып қалады, ақылынан алжасады, артынша оған тәуелді болады.Жалпы алкогольды қылмыстық жолмен дайындап сату бұрыннан бар сұмдық, одан 2021 жылы бір ғана Шымкентте 240 адам уланып көз жұмған.