Түркістан
EN

13 жайлы мектеп ашылған

141
04.02.2025

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысында былтыр 13 мектеп пайдалануға берілген. 2025 жылы тапсырылатын 16 мектептің 12-сінің төбесі жабылып, құрылысы аяқталуға таяу. Қалған 4 мектеп ғимаратының қабырғасы қаланып, қалған жұмыстары атқарылуда. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Сұлтанғали Жалқұл айтты.