Төтеншеліктер қар құрсауында қалған 6 адамды құтқарды. Абай облысының Мақаншы ауданында 2 көлік бұрқасын қардың астында қалып қойған. Құтқарушылар вахтовка автокөлігімен барып, адамдарды Мақаншы ауылына жеткізді. Ешкімге медициналық көмек қажет болмады. Айта кетейік, төтеншеліктер ауа райы туралы ескертуге назар аударуды және ауа райы нашарлаған кезде ұзақ жолға шықпауды ұсынады