Түркістан облысында 14 мыңнан астам мал басы базаға енгізіліп, есепке алынды. Түркістан облысы ветеринария басқармасының басшысы Ғани Құрманбайдың мәлімдеуінше, ҚР Үкіметі тарапынан ветеринария жүйесін реформалау жүргізілуде. Қазіргі кезде ветеринария саласы бойынша 5 базада цифрлық форматта жұмыс жасалады. Бұған салықтан жалтару, мал басын дұрыс көрсетпеу, жерді тиімді пайдаланбау деректері әсер еткен. Мал басы бойынша ресми статистика мен зерделеу барысында үлкен айырмашылықтар байқалған. Облыс әкіміне осы мәселелерді ретке келтіруге арналған инновациялық мобильді қосымша мен веб портал таныстырылды. Ветеринария саласындағы мәселелерді тез, әрі тиімді шешетін, жұмыс барысын автоматтандыратын, шаруаға, ветеринарларға және жергілікті әкімшілік органдарға ыңғайлылықты арттыратын жоба жан-жақты талқыланды.