Табиғатқа зиян келтіріп отырған 10 жер қойнауын пайдаланушы компаниямен келімімшарт тоқтатылды. Белгілі болғандай олар жүктелген міндеттемелерді орындамаған. Қазіргі таңда жүктемені орындамаған 38 жер қойнауымен арадағы келіссөзді тоқтату туралы ұсыныс қаралып жатыр. Прокуратура тарапынан келісім берілген жағдайда келісімшарттар мен лицензиялар тоқтатылмақ. Сондай-ақ аталған жағдай бойынша 2020-2024 жылдар аралығында 14 кен орны мемлекетке қайтарылған.