Түркістан
EN

«Бірінші кезекте халықтың тұрмыстық жағдайы»

162
03.02.2025

Сондай-ақ Арыс қаласына жұмыс сапары барысында облыс әкімі модульдік жылу қазандығының жұмысымен де танысты. Өткен жылы толық жаңартылып, табиғи газға қосылған нысанның технологиялық процестері бүгінде толығымен автоматтандырылған. Нәтижесінде қазір «Арыс жылу» мекемесі арқылы 27 көпқабатты тұрғын үй, 11 бюджеттік мекеме мен 10 коммерциялық ұйым жылумен қамтылған. Облыс әкімі аймақ халқын тұрмысқа қажетті инфрақұрылыммен қамту жұмыстары бәсеңдемейтінін айтты.