Түркістан
EN

Нұралхан Көшеров Арыс қаласына іссапары барысында нысандардың құрылысын қадағалады

75
03.02.2025

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров іс-сапармен Арыс қаласына барды. Ең алдымен аймақ басшысы салынып жатқан 600 орындық «Жайлы мектепте» болып, онда атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. 2023 жылы іргетасы қаланған нысан биыл маусым айында пайдалануға берілмек. Айта кетейік, Ұлттық жобаның бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Construction» компаниясы. Жоба аясында Түркістан облысында 29 жаңа мектеп ашылады.