Еліміздің Су ресурстары және ирригация министрі Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі су қоймаларының жағдайымен танысты. Нұржан Нұржігітов Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен «Көксарай» су реттегіш нысанының техникалық жағдайы мен өзекті мәселелерін талқылады. Одан бөлек, министрге «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылыс жұмыстары таныстырылды. Айта кетейік, қазір Түркістан облысында 16 су қоймасы бар. Министрліктің 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес өңірде тағы «Бәйдібек ата» және «Боралдай» су қоймалары салынбақ.