Қарағанды облысында жүк пойызы шойын жолдан шығып кетті. Салдарынан жолаушылар тасымалына кедергі келіп, қозғалыс тоқтады. Теміржолдағы төтенше жағдай Қарағанды облысындағы Науалы станциясының аумағында болған. Куәгерлер түсірген бейнежазбада, бірнеше жүк вагондары теміржолдың бойында аударылып жатқаны көрінеді.