Картоп 100 теңге, жұмыртқа 40 теңгеден сатылып жатыр. Түркістан облысында тағы да жәрмеңке өтті. Онда жұртшылыққа тек картоп пен жұмыртқа ғана емес, жалпы 19 түрлі өнім ұсынылды. Барлығы дерлік әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер. Күннің суықтығына қарамастан, жұрт көп жиналды. Себебі өнімдер нарықтағы бағадан 30-40 пайыз арзанға сатылды. Жалпы, жәрмеңке жайлы жұртшылық пікірі қандай?