Түркістан
EN

Талай ғасырдың куәсі болған тарихи мұнара қирады

271
30.01.2025

Түркістанның теріскейінде 12-13 ғасырларда іргесі қаланған «Ақбикеш» мұнарасы қирады. Мұны Мұхтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Жылбек Сембекұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Автордың айтуынша, ғимаратқа жауын-шашын тимеу үшін төбесін жауып, ескерткішті сақтап қалу керек болған.  Алайда, жергілікті халық тарапынан түскен дабылға ешкім құлақ аспапты. Нәтижесінде, төбеден жауған жаңбыр, қар суы мұнара қабырғаларына бойлап кіріп, ескерткішті құлатқан. Тіпті, ішіндегі ескерткіш дуалдары да қираған. Айта кетейік, тарихи жәдігерге бұған дейін Қазқайтажаңарту мекемесі жөндеу жұмыстарын жүргізген болатын.