Биылғы жылды Мемлекет басшысы «жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Яғни, қоғамда еңбекқорлығы мен кәсібилігін қатар алып жүрген жандарды қолдауға басымдық берілмек. Осыған орай «Turkistan» арнасы «жүз күнде - жүз жұмысшы» атты арнайы жоба бастаған болатын. Бүгінгі кейіпкерлеріміз –сайрам ауданында орналасқан ірі зауыттардың бірінде еңбек етеді.