Астанада Премьер-министр Олжас Бектенов пен Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин екіжақты келіссөздер жүргізді. Оның барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты нығайту жоспарлары қаралды. Өткен жылдың 11 айында өзара сауда көлемі 24,2 млрд долларға жетті. Алдағы кезеңде тауар айналымын 30 млрд долларға жеткізу көзделіп отыр.