Түркістан
EN

Президент тапсырмаларын іске асыру жолында нақты істер қажет – Сенат төрағасы

198
30.01.2025

Парламент Президент белгілеп берген міндеттердің орындалуын ерекше назарда ұстайды. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты. Оның сөзінше, жоғарғы палата заңнамалық өзгерістерге қатысты тапсырмалар аясында нақты жұмыс істейді. Мәселен жаңа Бюджет және Салық кодекстерін қарайды. Сондай-ақ Парламентке сессия соңына дейін геологиялық барлау жұмысының тиімділігін арттыратын заңнамалық түзетулер қабылдау міндеті жүктелді. Еліміздегі энергетиканы дамыту және ядролық кластер құру ісінің маңызды екені де айтылды. Бұл да заңнамалық қолдауды талап ететін бағыт.  Сонымен қатар Сенат төрағасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру туралы заң жобасын осы сессияның соңына дейін пысықтау керек екенін жеткізді.