Түркістан облысында мұнай өнімдерінің заңсыз тасымалына қарсы күрес күшейді. Өңірде жүргізілген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде былтыр 567 заңбұзушылық анықталып, 38 мың литрден астам жанар-жағармай тәркіленген. Нәтижесінде мемлекетке келтірілген шығынды өтеу үшін 46 миллион теңгеден астам айыппұл салыныпты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды. Толығырақ әріптесім Ақдариға Мұхаддас баяндайды.