Түркістан
EN

Түркістан облысында мыңнан астам мектеп тозып тұр - депутат

203
29.01.2025

 Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында 3 жылда 1300 мектепті жаңғырту жөнінде тапсырма берді. Ал Түркістан облысында мыңнан астам орта мектептің көпшілігі күрделі жөндеуді қажет етеді. Депутат Темір Қырыбаев осылай деді. Оның сөзінше, білім ошақтарының заманауи стандартқа сай келмеуі, материалдық базаның жетіспеушілігі мен санитарлық талаптардың сақталмауы оқушылардың сапалы білім алуына кедергі келтіріп отыр. Депутат жаңғырту жоспарының жүйелі орындалу үшін өз ұсыныстарын білдірді.