Түркістан
EN

Қарақат Әбден түрмеде отырған әйелдерге амнистия жасауды ұсынды

228
29.01.2025

Депутат Қарақат Әбден сотталған әйелдерге амнистия жасауды сұрады. Айтуынша, қазір 2336 әйел түрмеде отыр. Ал абақтыдағы анасын күтіп жүрген 1 жарым мың бала бар. 100 -ге жуық  сәби жетімдер үйінде. Бұл балаларға ананың махабаты, қамқорлығы керек, деді депутат. Сондықтан зорлық-зомбылыққа қатысы жоқ қылмысы үшін сотталғандарды, жүкті әйелдерді, кішкентай баласы бар аналарды, алғаш рет сотталғандарды, жасы ұлғайған, 60-тан асқандарды, көпбалалы әйелдерге амнистия жариялауды ұсынды.