Түркістан
EN

300-ден астам мектеп жөндеуден өтеді

96
29.01.2025

Биыл Түркістан обысында 300-ден астам мектеп күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Арасында толық жаңғыртудан өтетін білім ұялары да бар. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев алқа мәжілісінде айтты. Жиында білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, биыл бой көтеретін білім ошақтарына тоқталды. Жыл соңына дейін 21 мектеп пайдалануға беріледі. Оның 13-і ұлттық жоба аясында қолға алынған жайлы мектеп болмақ.