Халыққа берілетін кредиттер өсіп келеді – Ұлттық банк

35
28.01.2025 21:04

Халыққа берілетін кредит көлемін азайту мақсатында Ұлттық Банк арнайы шараларды қолға алмақшы. Үкіметтің кеңейтілген отырысында бұл туралы Тимур Сүлейменов мәлім етті. Ұлттық Банк басқарма төрағасының сөзінше, халыққа берілетін кредиттер өсімі 24%-ды құрады. Оның ішінде тұтынушылық кредиттер 34,5%-ға өскен. Тимур Сүлейменов енді тұтынушылық кредиттер көлемін азайту үшін реттеуші қосымша шаралар енгізілгені дұрыс деп есептейді. Одан бөлек, коллекторларға несие тағайындауға 2 жылдық мораторий енгізілді. Тұтыну несиелерінің шекті мөлшері белгіленді. Ал қарыз алушының қарызын шектейтін жаңа норма енгізілді.