Түркістан
EN

Ер адам ұрыларға туысының пәтерінен ақша жымқыруға көмектескен

65
28.01.2025

Ақтөбе қаласының бір пәтерінен 10 млн теңге ұрланды. Қаскөйлердің айласын асыруға сол үйдің өз туысы көмектесіпті. Ол ұрыларға пәтерде қолма-қол ақшаның бар екендігін жеткізген. Сүйтіп ол ақшаны несие жабуға және ойын-сауық орындарына жұмсаған көрінеді. Полиция қызметкерлері бұл іске қатысты 4 күдіктіні анықтады. Қазір олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл іске қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде.